Жас министрге кеңес берді
Жас министрге кеңес берді
182
оқылды

Алтын сәуле таратқан арайлы таңда тылсым сезімге беріліп, ұйқысын қимай керіліп жатқан сұлуы үшін махаббат буына мас болған жігіт азанда арнайы ас әзірлеп, кофесімен бірге төсегіне ала келді. Романтика ма? Жоқ! Бұл экологияға қырын қарар көзқарас. Мәжіліс жиынында депутат қызықты ой айтты.

Нұрлан Нығматулиннің төра­ғалы­ғы­мен өткен Мәжілістің жалпы оты­рысында депутаттар «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұрт­шылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы кон­венцияға Ластауыш­тардың шыға­рындылары мен та­сымал­дарының тір­келімдері туралы хаттама­сын» рати­фикациялайтын заң жобасын мақұл­дады. Ол бо­йынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев іш пыстырарлық баян­дама жасады.

Зеріктірер жиынның көркін тәжі­рибелі депутат Қуаныш Сұлтанов кел­тірді. Ол экологиялық сананың неден басталатынын қарапайым тілмен тү­сіндіріп берді.

– Бұрын жағдайы мүлдем нашар бол­ғ­ан Қытай қазір экологиялық ахуалы қиын өңірлерінде шығарын­дыларды азайтып, қоқысты қайта өң­деуге баса мән беруде. Бүкіл халық со­ған жұмыла жұмыс істеуде. Біз де ұл­т­тық эколо­гиялық са­наны қалып­тас­тырудан бас­тауымыз ке­рек. Егер біз халқымыздың санасын Еуро­па­дағыдай етіп өзгерт­песек, бұл мәселе ары қарай ушығып, салмағы ең­семізді езе береді. Бұл хат­тама неге Да­ния­да қабылданды? Өйт­кені Дания – тап-таза. Оларда эко­ло­гиялық проблема жоқ. Скандинавия елдеріне барып жүр­сіздер. Не деген тазалық! – деп тамсанды депутат.

Ол қазақстандық ақпарат құрал­дары табиғатпен үйлесімде өмір сүруді наси­хаттамайтынына өкініш білдірді.

«Оның орнына не насихатталады? Киноларының өзінде жастар таңертең ұйқысын ашар-ашпастан, төсегінде жатып кофе ішкенді әуес көреді, соны бір жетістік санайды. Керісінше, жастар­дың ерте тұрып, төсегін жинап, үйін және ауласын тазалағаны жөн. Бұрын ауылда боз ала таңнан тұрған бозбалалар мал қорасын тазартатын, бойжеткендері есігінің алдын сыпы­ратын. Содан кейін ауыл тіршілікке кірісетін. Әрине, енді қазақ соған қай­тып келсін деп айт­паймыз. Қаладағы өмірімізді жөндеуіміз керек. Әйтпесе, мынау «Бәйтеректің» түбіне барсаңыз, жастар балмұздағын жеп, қаптамасын көрінген жерге тастайды. Отыр­ған отырғыш үстінде же­генін ша­шып ке­теді. Ауылдан келген сол балалар. Біз де ауылдан келдік, бірақ бір шырпыны көшеге тастамайтынбыз. Себебі таза­лық ауылда еді», – деді Қ.Сұлтанов.

Қазіргі заманғы мемлекетте эко­логия министрі билікте жетекші рөл атқаруы қажет: «Ол идеологиялық жұ­мыс жүр­гізуге, сананы тәрбиелеуге тиіс. Министр өз қызметін шенеунік тұр­ғысынан емес, халық қамы тұрғы­сынан жасауы ке­рек», – деді қалаулы.

Мәжіліс төрағасы бұл тұжырымды құптады. Қоршаған орта қоғам мен мемлекеттің қаншалықты ұзақ өмір сүретінін анықтайды.

– Шынында, енді осы министр­ліктің рөлі зор. Экология мәселеле­рі – ұлты­мыздың болашағының мәселесі. Эколо­гиялық мәдениеттен бастап, өнеркә­сіптік қауіпсіздікке дейінгі түйт­кілдер шешімін табуға тиіс. 90-жылдары елге шұғыл ин­вестиция тарту қажет болды. Бірақ ол жылдарда салынған зауыт-ком­бинаттар бүгінде – табиғатты лас­таудың және көптеген ауру-дерт­тер­дің қайнар көзі. Экология ми­нистрлігі осыны қадағалап, бірінші болып дабыл қағуға, осы іспен кәсіби ай­налысуға міндетті. Табиғат пен аза­маттар денсау­лығына зиян келтіріп отыр­ған кәсіпо­рын­дар алдына қатаң таң­дау қоюға тиіспіз! Қазақстан артта қал­ған ел емес, мұнда ескі, лас тех­ноло­гия­ларды енгі­зуге жол бермеу қажет! – деді Нұрлан Зайроллаұлы.

Мәжіліс төрағасы алда жаңа Эколо­гия­лық кодексті әзірлеу кезінде жасқа тән жасампаздық пен жаңа­шылдық та­ныту қажетіне министр М.Мырзаға­лиев­тің назарын аудартты: «Формалды көзқарас танытуға болмайды. Дайын­сыз ба, әкеліңіз. Дайын емессіз бе, кейінге қал­дырайық. Ертең ұялтпайтын құжат қа­былдауымыз керек. Мағзұм Ма­ратұлы, жас министр екеніңізді, жаңа келгеніңізді жиі қайталай­тыныңызды білемін. Эко­логиялық кодекс – сіздің тарихи миссия­ңыз болады. Біз депу­таттық корпус болып, көмектесуге әзірміз. Ал сіз жас министр ретінде 90-жылдардағы ауыр кезеңде амалсыз қолданылған, көнерген техно­логия­ларға жол берген ескі көзқа­растар мен тәсіл­дерден аулақтаңыз!» – деп кеңес берді Мәжіліс төрағасы.

Мағзұм Мырзағалиев аға ұрпақ ақы­лына алғысын білдіріп, аманатқа қиянат жасамайтынын білдірді.