Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Қайрат Оразбаев жалақысы туралы ақпаратты "Антикорлайф" бағдарламасында айтты. Әкімнің сөзінше, ол табыс салығы мен зейнетақы аударымдарын қоспағанда қолына 380 мың теңге алады.
Еске салайық, қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те қанша жалақы алатынын айтқан болатын. Оның сөзінше, облыс әкімі 766 000 теңге алады, бұл Қостанай қаласы әкімінің жалақысынан 300 000 теңгеге артық.