Алматыдағы мәйітхана директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды қалалық прокуратура. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратурамен бірлесіп "Қалалық патологиялық бюроның" директорын ұстады.
"Ол қалада салынып жатқан патологиялық-анатомиялық бюрода медициналық жабдықты жеткізуді қабылдау-тапсыру актісіне қол қою үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деді органдағылар.Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторына қамалған.