Ерлі-зайыпты алматылық келіншекті зорлап, азаптап, оны видеоға түсіріп алған
Ерлі-зайыпты алматылық келіншекті зорлап, азаптап, оны видеоға түсіріп алған
444
оқылды
Қатыгездікпен жасалған қылмыс жайында «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жариялады.

Оның айтуынша, оқиға 26 қыркүйек күні Алматыда болған. 33 жастағы келіншекті 48 жастағы құрбысы болашақ күйеуімен таныстыру мақсатында үйіне қонаққа шақырған. Бірін-бірі бұрыннан білгендіктен, шақыртуға еш күмәнсіз келісе кеткен. Сөйтіп құрбысның үйіне қонаққа барған. Ал ол үйдің тәулікке жалданатын пәтер екенін келіншек кейіннен білді.

Құрбысының болашақ күйеуімен табысқанын атап отырғанда, келіншек аяқасты өзін жайсыз сезініп, есінен таңып қалған. Ары қарай не болғанын білмейді. Әйтеуір, күштеп бірдеңе ішкізгені, артынан оны ұрып-соққаны, зорлағаны еміс-еміс есінде қалған.

«Кейін анықталғандай, келіншекті түнгі екіге дейін зорлап, азаптаған екен. Сол әрекетінің бәрін ұялы телефонның камерасына түсіріп алған. Оның мұндай азаптан қалай тірі қалғанын білмеймін, бірақ бұл – нағыз тозақ. Тән мен жанды мазақ етуі ғой. Құдай оңдап, ол олардан қашып құтылудың жолын тауып, сол үйде тұратын туысының пәтерін паналаған. Бір жағынан біреуге айтуға қорықса, екіншіден – ел-жұрттан ұялды. Бірақ ағайын-туысының қолдауымен оқиғаның мән-жайын айтып, полицияға арыздануға бекінген» дейді Дина.

[caption id="attachment_79793" align="alignleft" width="443"]келіншек ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Ал полиция келгенде ерлі-зайыпты пәтерінде әлі ұйықтап жатқан екен. Сол түннің оқиғасы түсірілген видео да табылды. Олар 33 жастағы келіншекті өзге заттармен зорлап, қинаған. Ал оны құрбысы видеоға түсіріп тұрған.

«Тексеру кезінде әйелдің жыныс мүшесінің бірнеше  жерден жыртылып, тесілгені анықталған. Дене бойын тістелеп, көкала етіп сабап тастаған. Ол әлі де емделуі керек, тіпі, ота жасауы мүмкін. Өйткені келіншектің үлкен дәреті ұстамай қалған, ол жүрмек түгілі отырудан қалған», – дейді құқық қорғаушы.

Қазір Түрксіб аудандық полиция бөлімінің тергеушісі ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша іс қозғады – 120, 1 бөлім (зорлау) және 121, 1 бөлім (жыныстық сипаттағы күш қолдану).  Сол үшін ер адам қамауға алынып, ал әйел тек іс бойынша куәгер болып қалған екен. [embed]https://youtu.be/1zSZuAIy3M4[/embed]