Нұр-Сұлтанда 100-ден астам мектеп тексерілді
Нұр-Сұлтанда 100-ден астам мектеп тексерілді
114
оқылды
Әкімдік хабарлағандай, оқу жылының басынан Нұр-Сұлтанда барлығы 105 мектеп тексерілді, оның 89-ы мемлекеттік, 16-сы жекеменшік.

«Барлық нысан санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс істейді. Балалардың мектепке дейінгі ұйымға баруы ата-ананың келісімі негізінде жүзеге асырылады. Ол болмаған жағдайда бала карантин кезеңінде мектепке дейінгі ұйымда өз орнын сақтайды», - делінген хабарламады.

Оған қоса, мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша санитарлық ережелерге сәйкес 1-4 сыныптар үшін кезекші топтар ұйымдастырылады. Барлығы елордада 3011 кезекші сынып бар, оған 40 400 оқушы қабылданды.

Кезекші сыныптар қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Ата-аналар балаларды оқу күні басталғанға дейін мекеменің алдыңғы есігіне дейін ертіп барып, сабақ аяқталған соң кіреберісте алып қайтады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін мектептерде белгілер қойылды. Сыныптар әр сабақтан соң желдетіліп, кварцпен өңделеді.