СҚО-да құстар қайтадан қырылып жатыр
СҚО-да құстар қайтадан қырылып жатыр
Бұл жолы құс тұмауы Қызылжар ауданына қарасты Малое Белое ауылында орналасқан фабрикада анықталған.

Осыған байланысты ветеринарлар мұнда оқшаулау жұмыстарын жүргізіп, өлекселерді жоюды бастап кетті. Әзірге қанша бас өлгені туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ шамамен мұнда 600 мыңға жуық құс бар екен. Ал оның барлығына екпе жасалған.

Қазір осы фактіге байланысты аталған кәсіпорынның өнімдерін саудалауға қатаң тыйым салынды. Ал өңірде мұның алдында өлген құстарға өтемақы  төлене бастады.

–  Әзірге құс фабрикасында өлім-жітімге ұшыраған құстардың саны анықталып жатыр. Өтемақы бойынша 122 құс иелерінің құжаты республикалық індетке қарсы жасағына жіберілді. Оның 15-іне өткен аптаның соңында 65 миллионға төлем өткізілді. Олар тек қыркүйек айында жойылған құстардың иелері. Ал қазан айындағыларға орта айлық бағасы анықталған соң берілетін болады, –  облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.