Алматыда мәйітхана директоры қамауға алынды. Ол қазір тергеу изоляторында.
«Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық патологоанатомиялық бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры ұсталды. Ол кәсіпкерден қалада салынып жатқан патологоанатомиялық бюроны медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою үшін кәсіпкерден 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді», - деп жазылған Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.