Өрт шыққан пәтерде 37 жастағы әйел жасөспірім 4 баласымен болған
Өрт шыққан пәтерде 37 жастағы әйел жасөспірім 4 баласымен болған
Өрт кеше күндіз Сарыарқа даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердегі пәтердің бірінен шыққан. Polisia.kz хабарлағандай, өртті байқап қалған Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкері Талғат Намазбаев дереу басқару орталығына хабарлаған. Ал өзі жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктері кедергісіз кіру үшін өрт шыққан үйдің маңайын реттестірген.

Оқиға орнына жеткен Патрульдік полиция бірден үйдің ішіне еніп, өрт шыққан пәтердегі тұрғындарды эвакуациялауды бастап кетті.  Өрт шыққан пәтерде 37 жастағы әйел мен жасөсіпірім 4 баласы болған. Балалардың ең үлкені – 14 жаста, ең кішісі – бір жаста.

Полиция қызметкерлері өрт сөндіру қызметі жеткенше өрт шыққан үйдегі әр пәтердің есігін қағып, тұрғындарды эвакуацияландырды. Сол пәтерлердің бірінде 6 жасар бала үйінде қараусыз қалған екен. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ, құтқарылғандар №1 қалалық ауруханаға және №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар жеңіл түрде уланып қалған. Өрт Нұр-Сұлтан қаласындағы «Кенесары» тұрғын үй кешенінде болған.