Қарағандыда түрме басшысы сотталды
Қарағандыда түрме басшысы сотталды
225
оқылды
Қарағандыдағы АК-159/1 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын өтеп жатқан үш бірдей қылмыскерді танысының үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көмекке жіберген. Осылайша заң бұзып қоймай, қоғамға қауіп туғызған. Енді оның өзі де түрмеге отырады.

– Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді. Сот жаза тағайындау кезінде мұндай әрекеттер мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан олар қоғамға қауіп төндіреді деп атап өтті. Сот үкімімен Көпееев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан және әділет полковнигі атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – дейді Қазыбек би аудандық сотының маманы Әмірхан Оралбеков.