Си Цзиньпин қытайлық әскерді соғысқа дайын болуға шақырды

Си Цзиньпин қытайлық әскерді соғысқа дайын болуға шақырды

Бұл сөздерді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Гуандун провинциясындағы әскери базаға барғанда теңіз жаяу әскерінің корпусына қаратып айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Си Цзиньпин әскерилерден адал, сенімді және мінсіз болуды талап етті.

«Сіздер соғысқа баруға дайын болу үшін ақыл мен күшіңізді жинап, барынша сақ болуыңыз керек», - деді ол.

Сондай-ақ Си Цзиньпин теңіз жаяу әскері корпусын қытайлық армияның таңдаулы бөлімшесі деп атап, елдің егемендігін, қауіпсіздігін, территориясы мен мүддесін қорғауға шақырды.