Өскемендік спортшы есірткі саудасымен айналысқан
Өскемендік спортшы есірткі саудасымен айналысқан
Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан фитнес-жаттықтырушы ұсталды. Күдікті уақытша изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Спортшы он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, өңірде жыл басынан  бері 170 қылмыс анықталды. Нәтижесінде 222 келі есірткі тәркіленді. Олардың 4 келіге жуығы –психтропты заттар.