Зеленский: Жемқорларды өмір бойы бас бостандығынан айыру керек

Зеленский: Жемқорларды өмір бойы бас бостандығынан айыру керек

Украина президенті жемқорларды өмір бойы бас бостандығынан айыруды ұсынды Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялап, 25 қазанда өтетін жалпыұлттық сауалнамаға халықты қатысуға шақырды. «Ірі жемқорларды өмір бойы бас бостандығынан айыру керек пе? 25 қазанда сайлау учаскесіне келіп, дауыс бер», - деп жазды Зеленский. Оның айтуынша, сауалнамада бес сұрақ болады және сауалнама волонтерлердің қатысуымен экзитпол форматында сайлау учасклерінде өтеді. Оған 5 млн бюллетень шығарылады деп жоспарланып отыр.