Әбдіжаппар Әлқожа беташарда бір уыс ақша шашты (видео)
Әбдіжаппар Әлқожа беташарда бір уыс ақша шашты (видео)
Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның тойдағы қылығын көргендер елең етті.

Танымал әншіні беташар кезінде ортаға достары көтеріп алып шыққан. Сол кезде ол қолындағы бір уыс ақшаны көпшілікке көрсетіп барып тастаған. Оның осы әрекеті түсірген видео Instagram-дағы «juldyzdy_janalyk» парақшасында жарияланды.

Әлгі бейнежазбаның астына: «Ал мынадай беташарды көрдіңіз бе? Мынау артықтау сияқты енді... Қалай ойлайсыздар?», - деп жазылған. [embed]https://www.instagram.com/p/CGSP_UPlpmq/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] Осы орайда, видеоны көрген желі қолданушылары екі бөлінді. Жақтаушылар: "Ешқандай ерсі ештеңесі жоқ. Достар арасында солай ойнайтын шығар өздері. Строго не судите а!", "Өте жарасымды, ерсі ешнәрсе жоқ", "Өте дұрыс деп айтар едім. Достарын менсінбей кететіндер бар ғой жұлдыз болғандар. Өте қарапайым екені көрініп тұр", - десе. Кейбіреулері: «Көргенсіздер», «Әрине, артық, бұл – мақтаншақтық», «Дарақылық»,  «Ұят», «Мақтаған қыз тойды бүлдіреді», «Салт-дәстүрлі ойынға айналдыру модаға айналған ба?», «Ақша не істетпейді?», - деп әншіні сынға алып жатты.