Дәурен Абаев: Тоқаев – екінші Назарбаев емес, оның өз басқару стилі, өз көзқарасы бар
Дәурен Абаев: Тоқаев – екінші Назарбаев емес, оның өз басқару стилі, өз көзқарасы бар

Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев «Хабардың» «Ашық диалог» бағдарламасында Қазақстандағы қос билік қауесеті жайлы пікірімен бөлісті.

Оның пайымынша, қос билік туралы айтып, осы мәселе арқылы халықты дүрліктіргісі келетіндер бар.

— Біріншіден, Елбасы Президент жұмысына араласпайды. Мұның барлығы конституциялық нормалармен межеленген. Екіншіден, Тоқаев – екінші Назарбаев емес, оның өз басқару стилі, өз көзқарасы бар. Сондықтан, жаңа Президент өз жұмысында жаңа формат қолданған сайын «қос билік» туралы шу көтерудің қажеті жоқ, — деді министр.