Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев «Хабардың» «Ашық диалог» бағдарламасында Қазақстандағы қос билік қауесеті жайлы пікірімен бөлісті.
Оның пайымынша, қос билік туралы айтып, осы мәселе арқылы халықты дүрліктіргісі келетіндер бар.
— Біріншіден, Елбасы Президент жұмысына араласпайды. Мұның барлығы конституциялық нормалармен межеленген. Екіншіден, Тоқаев – екінші Назарбаев емес, оның өз басқару стилі, өз көзқарасы бар. Сондықтан, жаңа Президент өз жұмысында жаңа формат қолданған сайын «қос билік» туралы шу көтерудің қажеті жоқ, — деді министр.