Коронавирус жұқтырған адам бұрын болмаған дертке шалдығуы мүмкін
Коронавирус жұқтырған адам бұрын болмаған дертке шалдығуы мүмкін
115
оқылды

Коронавирус қант диабеті мен жүйке жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық дәрігерлер айтты, - деп хабарлайды "КТК".

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта елордалық дәрігерлер бірнеше клиникада коронавирус салдары қандай болуы мүмкін екенін зерттеп, арнайы оңалту бағдарламаларын әзірлеуге тырысып жатыр.

Коронавирустан кейінгі синдром жобасына 40 адам қатысқан екен. Зерттеу нәтижесі коронавирус инфекциясының бірнеше аурудың пайда болуына себеп болатынын көрсеткен. Қосалқы ауруларды емдеу үшін препараттардың қосымша дозасы керек болады дейді мамандар. Мысалы, зерттеу барысында коронавирус жұқтырып, ауырып шыққанда адамда қант диабеті пайда болған. Бұл дәлелденді дейді дәрігерлер.

Мамандар қант диабетінен басқа жүйке жүйесі де зардап шегетінін айтады. Коронавирус жұқтырып, ауырып шыққандардың көбі алаңғасар екені және есте сақтау проблемалары болғаны байқалған екен.