Коронавирус қант диабеті мен жүйке жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық дәрігерлер айтты, - деп хабарлайды "КТК".
Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта елордалық дәрігерлер бірнеше клиникада коронавирус салдары қандай болуы мүмкін екенін зерттеп, арнайы оңалту бағдарламаларын әзірлеуге тырысып жатыр. Мамандар қант диабетінен басқа жүйке жүйесі де зардап шегетінін айтады. Коронавирус жұқтырып, ауырып шыққандардың көбі алаңғасар екені және есте сақтау проблемалары болғаны байқалған екен.