"Ұлын құтқармақ болды" - Қызылордада ер адамды автобус қағып қаза тапты
"Ұлын құтқармақ болды" - Қызылордада ер адамды автобус қағып қаза тапты

Қызылордада автобус жүргізушісі бір бала мен ер адамды қағып кетті. Бұл туралы аймақтық полиция Департаменті хабарлайды.

Қайғылы оқиға 17 қазанда сағат шамамен 12.30-да Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысында болды. Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес төрт жасар бала жолды тыйым салынған жерден кесіп өткен. Баланы өтіп жатқан көліктен қорғаймын деп артынан әкесі жүгірген. Алайда сол сәтте оларды автобус қағып кетеді.

«Жарақаттан баланың әкесі қаза тапты. Төрт жасар бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Көлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция.

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануда  абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді деді.