2001 АҚШ-тағы лаңкестік стилінде: Францияда лаңкестік жасамақ болған тұрғын құрықталды
2001 АҚШ-тағы лаңкестік стилінде: Францияда лаңкестік жасамақ болған тұрғын құрықталды
123
оқылды

Француз құқық қорғау қызметкерлері 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған лаңкестік әрекет сынды лаңкестік жасамақ болған күдіктіні құрықтады. Бұл туралы France Info радиостанциясы ІІМ басшысы Кристоф Кастанерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Министрдің сөзінше 11 қыркүйектегі лаңкестікті көздеп, ұшақты ұрлап кетуді мұрат тұтқан күдікті өткен айда ұсталған. Бірнеше ай оның әлеуметтік желі арқылы өзіне одақтас іздеген әрекеті бақылауға алынған.

Ол Францияның О-де-Сен қалалық департаментінде тұратын 30 жастағы азамат деп хабарлайды дереккөз.

Францияның ІІМ басшысы бұл осымен 2013 жылдан бастап есептегенде елде ауыздықталған 60-шы лаңкестік әрекет екенін хабарлады.