Үш жасар қызын 100 рет ұрып-соққан әке 20 жылға сотталды
Үш жасар қызын 100 рет ұрып-соққан әке 20 жылға сотталды

Ресейдің Ханты-Мансийск автономдық округінде 3 жасар қызын ұрып өлтірген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлады Ресей тергеу комитетінің өңірлік басқармасы.  

Сот анықтағандай, өткен жылдың желтоқсанында ер адам мас күйінде үйіне келіп, жылаған қызына ашуланған. Ол қызын көтеріп, жерге алып ұрып, қол-аяғымен баланың 100 рет ұрып-соққан. Бала алған соққысынан көз жұмды.

Тергеушілер оған қатысты РФ ҚК бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотталушы алдымен қылмысын мойындамағанмен, кейін айғақтардан кейін  ісін мойындады. Ер адам әйелімен және бірінші некеден туған балаларымен бірге тұрғаны, оларды үнемі ұрып-соққаны белгілі болды. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде 37 жастағы әйел жаңа туған қызын жарты жыл бойы шкафта тығып ұстағанын жазан болатынбыз.  Сондай-ақ  Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз.