Күрдтер Сириядағы соғысты тоқтатпақ, бірақ шарт қойды
Күрдтер Сириядағы соғысты тоқтатпақ, бірақ шарт қойды
5,090
оқылды

Сириялық күрдтер АҚШ пен Түркия жариялаған соғыс қимылдарын тоқтатуға келісім берді. Алайда белгілі бір шарттар қойып отыр деп жазады Deutschwelle.com.

Күрд телеарнасына берген сұхбатында «Сирияның демократиялық күштерінің» командирі Маслум Әбди мәмілеге келу үшін орындалуы тиіс шарттарды атады.

«Біз сәтті мәміле жүруі үшін бәрін жасаймыз. Алайда келісім босқындардың үйлеріне оралуын қамтуы және аймақтағы демографиялық өзгерістерді болдырмауы керек», - деді сириялық күрдтердің басшысы.

Дегенмен Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы сөз мәміле туралы өрбіп отырмағанын алға тартты. Ол Анкара әскери операцияны сириялық күрдтердің өзін-өзі қорғау күштері «қауіпсіздік аймағын» тәрк етулері үшін ғана тоқтатқандарын хабарлады. Осыдан кейін ғана Сирияға шабуыл толығымен тоқтатылады.

17 қазан Анкарада өткен келіссөздерде Түркия мен АҚШ Сириядағы түріктердің «Бейбітшілік қайнары» операциясын уақытша тоқтататындарын хабарлады.