Жылдың үздік музыканты анықталды
Жылдың үздік музыканты анықталды
5,118
оқылды
Америкалық әнші және рэпер Post Malone  (шын аты – Остин Ричард Пост) Billboard Music Awards нұсқасы бойынша жылдың үздік музыканты атанды. Лауреаттардың толық тізімі басылымның сайтында жарияланған. 25 жастағы Post Malone «Жыл музыканты», «Үздік ер музыкант», «Billboard 200 бойынша үздік орындаушы», «Ең танымал стримингтік сервис әртісі», «Үздік рэп орындаушы» атанған. Ал Билли Айлиш үздік әнші қыз атанды.