Өрт шарпыған баракта 3 баласын тастап шеше де, әке де қашқан (фото)
Өрт шарпыған баракта 3 баласын тастап шеше де, әке де қашқан (фото)
233
оқылды

Өрт 15 қазанда түс кезінде «Ёлочка-2» бау-бақша қоғамының маңында қараусыз қалған қорадан шықты.

Төтенше жағдай кезінде қораның күл қоқсығының, тақтайлардың арасынан үш баланың мәйіті табылды. Олар: 7 мен 5 жастағы екі қыз және олардың 3 жасар інісі.

Мамандар өрттің шығу себебін әлі анықтаған жоқ. Бірақ олардың болжамынша, өрт ескі пештің дұрыс тұтанбауынан шығуы мүмкін. [caption id="attachment_80043" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Ал ерлі-зайыптының көршісі олардың құрылыспен айналысатынын, өздерінің ләпақасын табу үшін Кросноярскке келгенін айтуда. Оның сөзінше, олардың Новосібірде пәтер жалдап тұруға ақшасы жетпеген. Барар жері болмаған соң, осы жерді паналапты. Өрт кезінде олар үйінде болмаған.

[caption id="attachment_80044" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

«Үйіне қайтып келе жатқанда өртті, екеуі қаша жөнелді. Ал өрт сөндірушілерді басқа біреулер шақырды. Содан кейін ғана ерлі-зайыпты кезекпе-кезек хабарласып, балаларды ешкімге көрсетпей тығып қоюды өтінді. Содан олардың полицияға барып, мән-жайды анықтау керегін айттым. Олардың неге қашып жүргенін түсінбедім. Балаларды тастап қашқанына әлі сене алар емеспін. Неге олай істеді? Сол балаларды осыдан екі күн бұрын құшағыма алып, беттерінен сүйіп едім. Олардың жоғына  сенер емеспін» дейді көршісі Сергей.

[caption id="attachment_80045" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Оқиға орнында тергеушілер, полиция қызметкерлері және ТЖ мамандары жұмыс істеп жатыр. Балалардың ата-анасы да келді. Аяқтарында әрең тұр. Онда да бас көтере алмай тұрғаны қайғыдан емес, арақтан екен. Ішімдіктен әлі бой жазбаған әке қызметкерлердің көліктерінің арасында әрлі-берлі жүріп, не болып жатқанын анықтауға тырысуда. Ал әйл болса  сол жердегілермен ұрсысуда. [caption id="attachment_80047" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интетрнеттен алынды[/caption]

Енді тергеушілер қайғылы оқиғаны толықтай қалпына келтіруі керек. Егер ата-ана балаларды құтқармай, сарайдағы өртті сөндіруге тырыспай, қашқаны анықталса, онда балаларды қауіпке қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

[caption id="attachment_80050" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]