Араб шейхтары құс атса, жарты миллион теңге төлей ме?
Араб шейхтары құс атса, жарты миллион теңге төлей ме?
167
оқылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабардың» «Ашық диалог» бағдарламасында Қазақстанда араб шейхтарына аңшылыққа рұқсат беру жайлы мәселеге қатысты ойын айтты.

Мемлекет браконьерлікпен күресті күшейтіп жатқанда араб шейхтарына аң аулауға рұқсат беру орынды ма деген мәселеге жауап берді.

«Аймақтар, аң аулау мерзімі, ең бастысы, аулауға болатын аңдардың саны анықталды. Балықшылар мен аңшыларға да осындай жол арқылы жолдамалар беріледі. Ауланған әрбір аң аңшыларға едәуір қымбатқа түседі», — деді Дәурен Абаев.

Бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин араб шейхтарына аң аулаға ресми рұқсат беретін құжатқа қол қойған болатын. Премьер-министрдің қолы қойылған Министрлер кабинетінің тиісті қаулысын «Әділет» сайтынан қарауға болады.

Құжатта төрт араб шейхына ителгімен саятшылыққа рұқсат бергені айтылған. Олар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының қорықтарында аң аулайды. Әрбір ауланған құс үшін олар 260 АЕК (656 600 теңге) төлеуі тиіс. Осы өңірдің әкімдері шейхтарға аң аулауға көмек көрсету тапсырылған.