FlyArystan барлық бағыттарға 50 мың билетті 40% жеңілдікпен сатады
FlyArystan барлық бағыттарға 50 мың билетті 40% жеңілдікпен сатады
148
оқылды
Акция 17 қазанға дейін жалғасады. Билет бағасы 2999 теңгеден басталады.

FlyArystan Airlines 40% жеңілдікпен билеттер сатылымы туралы жариялады. Акцияға барлық 26 бағыт бойынша 50 мың орын бөлінді, деп хабарлады қазақстандық авиакомпанияның баспасөз қызметі.

«Мәселен, Атырау  аймақтық базасының жаңа бағыттарына да билеттердің бағасы 2999 теңгеден басталады», – делінген хабарламада. Жеңілдік билеттерін 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап 2021 жылдың 1 наурызына дейін алуға болады. Оларды flyarystan.com сайтынан және мобильді қосымшадан сатып алуға болады. Бағасына 5 келіге дейінгі қол жүгі кіреді. «Саяхатшылар билетті сатып алу кезінде де, одан кейін де, бірақ ұшудан екі сағаттан кешіктірмей қосымша багажды, орындықты және басқа да қосымша қызметтерді сатып ала алады», – деп түсіндірді авиакомпания.