Қырғыз Премьер-министрі өзін президенттің міндетін атқарушы ретінде жариялады
Қырғыз Премьер-министрі өзін президенттің міндетін атқарушы ретінде жариялады
137
оқылды
Қырғыз Премьер-министрі Садыр Жапаров өзін президент міндетін атқарушы ретінде жариялады. Бұл туралы ол Үкімет үйі жанындағы Ескі алаңда митингіге қатысушылармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды  Кабар агенттігі.
«Президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы өтініш жазды. Жогорку Кенеш спикері Қанат Исаев та президент міндетін атқарудан бас тартып, ол да өтініш жазды. Президенттің және премьер-министрдің құзыреті маған өтеді», - деді Жапаров.