Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Беларусь үлесі артты

Ел Парламенті Еуразиялық одаққа кіретін елдер үшін кедендік әкелу баж­да­рының ортақ көлемін анықтайтын заңды қабылдады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті.

«Айқын» ақпарат
Қазан 16, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
Senat
19
қаралым

Отырыс барысында депутаттар «2014 жыл­ғы 29 мамырдағы Еуразиялық эконо­микалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қол­данысын өзгерту және тоқтату туралы хат­таманы» ратификациялайтын заңды бекітті.

– Еуразиялық экономикалық одақ Елба­сымыздың бастамасымен құрылды. Оның жұмысын өркендетуге Мемлекет басшысы да баса мән беріп отыр. Еуразиялық одақ, ең алдымен экономикалық дамуды, тауар айна­лымын арттыруды және инвестиция саласын­дағы ынтымақтастықты күшейтуді көздейді. Бүгін қабылданып отырған заң жаңа кедендік баждарды белгілеу арқылы осы аталған мақ­саттарды іске асыруға үлесін қосады деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

ЕАЭО елдері арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлудің жаңа нормативтері туралы депутат Сергей Карплюк айтып берді. Хаттама бойынша Беларусь үшін кедендік әкелу баждарын бөлу нормативі, яғни осы елдің үлесі көбейтілген. Себебі Беларусь елінде кедендік баждарды жинау коэффициенті бөлу норма­тивінен көп болып шығыпты. Ал Қазақстан импорттың қазіргі көлемін сақтаған жағдайда сальдо бойынша оң көрсеткішке қол жеткізеді.

«Хаттама арқылы құзыретті органдардың кедендік әкелу баж сомаларын түсіруді және бөлуді дұрыс орындауын, олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджет кірісіне аударуын бақылау тәртібі туралы ереже және ақпарат алмасу мәселелері анықталады», – деді Сергей Карплюк.

Осының алдында заң жобасы бойынша түсініктеме берген Ұлттық экономика ми­нистрі Руслан Дәленовтің айтуынша, хаттамада кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтері бекітіледі. Норма­тивтердің мөлшері одаққа мүше 5 мем­лекеттің әрқайсысы үшін айқындалған. Бұл ретте, Қазақстанға арналған норматив 6,955%-ға тең.

Полицейлер отбасы қорғауға алынады

Қиын-қыстау заманда аман қалғандардың қазаққа алғыс айтуы – әділеттілік

Ел халықаралық құжаттың құрбаны болмайды

Сонымен қатар отырыста сенаторлар бірқатар депутаттық сауал жолдады. Сенат вице-спикері А.Шәкіров пен депутат Л.Сү­леймен тұрғын үй саясатын іске асы­рудағы проблемаларды көтерді. Е.Мамытбековтің сауалында өнеркәсіп саясатына, оның ішінде «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң жобасын әзірлеуге қатысты мәселе қозғалды. Өз ке­зегін­де сенатор О.Булавкина шекара маңын­дағы ауылдардағы жағдайға назар аударды.

 

Елдос СЕНБАЙ

 

 

 
Тегтер: БеларусьЕуразиялық ОдақМәулен ӘшімбаевпарламентСенат
Алдыңғы жаңалық

Әкімдер қанша жалақы алады?

Келесі жаңалық

Президент – Абай жерінде

Ұқсас жаңалықтар

әйелдер
Жаңалықтар

Наурызда қандай әйелдер байлыққа ие болатыны айтылды?

Наурыз 8, 2021
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Наурыз 8, 2021
8 наурызға арналған ауа райы
Басты жаңалықтар

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 2021
UFC
Жаңалықтар

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Наурызда қандай әйелдер байлыққа ие болатыны айтылды?

Наурыз 8, 09:24

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Наурыз 8, 08:51

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 08:24

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 00:12

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 23:27

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 22:43

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Наурыз 7, 22:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

әйелдер

Наурызда қандай әйелдер байлыққа ие болатыны айтылды?

Наурыз 8, 2021
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын құттықтады

Наурыз 8, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»