Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Аутстаффингке арналған заң құпталды

Аутстаффинг пен аутсорсинг саласы ақыры Қазақстанда заң жүзінде реттелетін болды. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар «Кейбір заңнамалық актілерге қарыздық еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының  жобасын І оқылымда мақұлдады.

«Айқын» ақпарат
Қазан 16, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
Majilis
48
қаралым

Құжатты депутаттар агенттіктерден жалға алынатын персоналдың құқығының бұзылуына жол бермеу, болған бұзушылықтарды жою, қарыздық еңбекке қатысты заңнамалық тұғыр түзу үшін әзірлепті.

– Әсіресе, қазіргі күрделі экономикалық жағдайда еңбек мәселелерін заң жүзінде реттеудің маңыздылығы айтарлықтай арта түсуде. Оның үстіне еңбекпен қамту­дың жаңа түрі саналатын қарыздық еңбек секілді мәселесі көп сала үшін бұл аса қажет. Бұл ретте, осы заң жобасы азаматтарымыздың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауды елеулі түрде күшейтеді. Бұл қа­тарға еңбекақы, қауіпсіздік, еңбекті қорғау мәселелері жатады. Оларға қатысты түйткілдерді кешенді шешуге, тұтастай алғанда нарықты жетілдіруге ел басшылығы әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Әрине, аутстаффинг саласы дамыған елдерде бұрын­нан реттелген, заңды жолға қойылған. Сондықтан депу­таттар халықаралық тәжірибені мұқият зерделепті. Нәтижесінде, оның озық тұстары, қазіргі көкейкесті проблемаларды шешудің тетіктері табылып, қазақ­стандық құқық пен тәжірибеге бейімделген.

– Көптеген базалық ережелерге қатысты өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып отыр, олар қарыздық еңбек қызметінің барлық бағытын қамтиды. Атап айтқанда, оған қатысушы тараптардың міндеттері мен құқықтары, жазатайым оқиғалардан сақтандыру, оқиға бола қалса, оны есепке алу және тергеу, қарыздық еңбекке тартылатын жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жаза-санкция қолдану көзделген, – деді Нұрлан Нығматулин.

Жалпы, қарыздық еңбектің әлемде 3 негізгі формасы бар, бұлар – аутсорсинг, аутстаффинг және іссапарға жіберу. Соңғысы елімізде реттелген. Алғашқы екеуін жұмыс берушілер өз шығынын үнемдеу және аз еңбекақы төлеу үшін пайдаланады.

Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды

Қазақша жарнама түзелуі тиіс

Ел халықаралық құжаттың құрбаны болмайды

Заң жобасына сәйкес, қарыздық еңбекпен айналы­сатын жұмыскердің негізгі жалақысының көлемі ұқсас лауазымдағы, бірақ штаттағы жұмыскердің негізгі жа­лақысынан төмен болмауы тиіс.

Бұдан бөлек, Еңбек кодексінде қабылдаушы және жіберуші тараптардың жұмыскерге қатысты құқықтары мен міндеттері ескерілген. Сондай-ақ қарыздық жұмыс­кер еңбек қызметі уақытында жазатайым оқиғаға тап болса, оны тергеп-тексеру тәртібін, сондай-ақ персо­налды беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар қа­растырылған.

Осы отырыста депутаттар Еуразиялық патент кон­венциясына өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялайтын заң жобасын мақұлдады. Хаттаманың мақсаты – өнертабысқа арналған еура­зиялық патенттерді тіркеудің қолданыстағы жүйесіне ұқсас өнеркәсіптік үлгілерге қатысты құқықтарды алудың өңірлік жүйесін құру. Осы жүйені түзу рес­публикадан тыс жерлерде өнеркәсіптік үлгілерге қорғау-патент алу рәсімдерін жеңілдетуге және Еуразиялық патент ұйымының еуразиялық патент ведомствосына бір ғана өтінім беру жолымен әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

 

Айхан ШӘРІП

 

 

 
Тегтер: аутсорсингаутстаффингзаңМәжілісНұрлан Нығматулин
Алдыңғы жаңалық

Президент – Абай жерінде

Келесі жаңалық

Семинар мен симпозиум өткізуді шегеру керек

Ұқсас жаңалықтар

ҚазАгро, Бәйтерек, холдинг, Жолдау
Жаңалықтар

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 2021
Алғыс айту күні, Қасым-Жомарт Тоқаев, бірлік
Жаңалықтар

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 2021
Шығыс Қазақстан, жол, Өскемен, Риддер
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

Наурыз 1, 2021
коронавирус, науқас, Қазақстан, пандемия
Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 09:06

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 08:32

Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

Наурыз 1, 08:25

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 1, 08:09

Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 07:52

«Әскерге бармау үшін ақша берудің қажеті жоқ» – бүгін әскерге шақыру басталды

Наурыз 1, 07:36

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 1, 06:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ҚазАгро, Бәйтерек, холдинг, Жолдау

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 2021
Алғыс айту күні, Қасым-Жомарт Тоқаев, бірлік

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»