Семинар мен симпозиум өткізуді шегеру керек
Семинар мен симпозиум өткізуді шегеру керек
144
оқылды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин үшжылдық бюд­жет жобасында көзделген семинарлар мен симпо­зиум­дарға жұмсалатын шығындарды қысқартуға, ал үнем­дел­ген қаражатты әлеуметтік қажеттіліктерге қайта бөлуге болады деп есептейді. Осы мәселені Палата Спикері, Мәжілістегі «Nur Otan» фракция­сының жетекшісі Нұрлан Нығма­ту­лин 2021-2023 жылдарға арнал­ған республикалық бюджет жоба­сын фракция отырысында алдын ала талқылау барысында жұмыс тобы­на мүдделі мемлекеттік орган­дар­мен бірлесіп пысықтауды тап­сыр­ды.
– Бюджетті қарау барысында біз оның Тұңғыш Президент, Ел­басы, «Nur Otan» партиясының Көш­басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың алға қойған міндеттерін толық көлемде шешілуіне қол жет­кізуіміз керек. Бұл ретте, біз ко­ро­­навирус пандемиясы сал­дарынан әлемдік экономикада қалыптасқан қазіргі күрделі жағ­дайды негізге алуға тиіс­­піз. Үш­жыл­дық бюджет дәл осы жағдай­­ларды ескере отырып қалып­­­тастырылуы тиіс, – деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.
Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің бір бөлігі шын мә­нін­де қажет екенімен келісе оты­рып, Мәжіліс Төрағасы қазіргі за­манғы байланыс құ­­ралдары, атап айтқанда бейне­­­конференция фор­маты көптеген іс-шараны, со­ның ішінде ха­­­­­лықаралық іс-шара­­­ларды көп шығынсыз тиімді өт­кізуге мүм­кіндік беретініне тоқ­­талды.
– Семинарлар мен симпо­зиум­дарды және басқа да іс-ша­­­раларды өткізуді қалыптасқан жағ­дай тұ­рақтанғанға дейін ше­ге­­­­руге болады. Қаражаттарды не­­ғұр­­лым маңызды әлеуметтік жо­­ба­ларға бөлуді қарас­тыру қажет, – деді Нұрлан Нығ­ма­тулин.
Депутаттар Мемлекет басшы­сының тапсырмасын орындауға үш жыл ішінде ауылды фельд­­шерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Депутат­тардың алаңдаушылығын Үкімет әлі күнге дейін осындай меди­циналық пункттерге өңір­­­­лердің нақты қажеттіліктері тура­лы де­ректердің жоқтығынан туын­датып отыр. Осыған байла­­­нысты қарас­тырылып отырған үшжылдық бюджетте осындай тар­­мақтарды құру үшін нақты қаржылық ұсы­ныстар жоқ. Мәжіліс Спикері ауылдарда жаңа фельдшерлік-акушерлік пунк­ттер салуды жеделдету қажет­тігін атап өтіп, бұл мақсат­тарға қаражат көзделуі тиіс екенін айтты. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Квазимемлекеттік сек­тормен иге­рілмеген және қазы­нашылық шот­тарда жатқан қара­­жаттың бір бө­лігін осы бағытқа қайта бөлуге бо­лады
Сонымен қатар Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының оты­рысында бюджет жобасын талқы­лау барысында депутаттар ауылды сумен қамтамасыз ету жобаларын қаржыландыру үшін де шы­­ғыс­тарды ұлғайтуды ұсынды. Мә­жіліс Спикері «ауылдарды ауыз­сумен қамтамасыз ету бюджет басым­дықтарының бірі болуға тиіс», – дейді.
 

Г. БЕКЗАТ