Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Өмір үшін күрескендерін ұмыттық па?

Әлемді есеңгіреткен пандемия қазақ еліне де жеткен күнді ұмыту мүмкін емес. Алғашқы күннен ауыр салмақты қорғаныш киімін киіп, халықты сақтау үшін өз өмірін қатерге тіккен дәрігерлер болды. Індеттің алғашқы толқынын көп шығыннан соң тұрақтаттық. Алайда қолда бар дәрі-дәрмекпен адамдарды емдеген дәрігерлерді бағалауда келеңсіздіктер шықты. Бұған Атыраудағы емхана қызметкерлерінің өздері ауырса да халықты емдеуден қол үзбегендерін айтып, өтемақы талап еткен дәрігерлердің талабы дәлел бола алады. 

«Айқын» ақпарат
Қазан 16, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
dariger
62
қаралым

Атырауда пандемия кезінде жұмыс істегені үшін әлі күнге дейін өтемақы ал­маған №1 қа­лалық емхананың 30-дан астам қызметкері емханаға жиналды. Олар­дың айтуынша, екі мәрте құжат тап­сырғанымен,  Денсаулық сақтау бас­қар­масы өтемақы тө­леуден бас тартқан.

Пандемия кезінде коронавирус жұқ­тырған ең алғашқы медицина қыз­мет­керлерінің бірі – емханаға келушілерді тіркеуші М. Қонарова. Ол қауіпті дертті емханаға келген науқастардан жұқ­тыр­ғанына се­німді. Алайда әлі күнге өтем­ақы­сын ала алмай жүр.

– Мен көпбалалы анамын. Корона­вирусты тексерген тест оң нәтиже көр­се­тіп, оған қоса пнев­мония диагнозы қо­йылды. Ау­руханада емделіп шық­тым, – дей­ді М.Қонарова.  – Карантин кезінде ем­ханамыз жабылған жоқ. Кейбір әріп­тесіміз ауырса да, емделіп алып, жұ­мыс­қа қайта шықты. Біз өтемақы алу­ға екі рет құ­жат тапсырдық. Екеуінде де се­­бе­бін түсіндірместен бас тартты. Бұл – әділ­етсіздік. Бұдан бөлек, облыстық Ден­­саулық сақтау басқармасының құ­жат қабылдаған қызметкерлері біз­ден: «Қашан, қай жерде жұқтырып ал­дыңдар?» деп сұрайды. Осы сұраққа жауап беру мүмкін бе өзі?

Рентгенолог Азамат Әділбек­ұлы пан­демияның алғашқы ке­зеңінде 200-ге жуық науқасқа, со­ның ішінде әріптес­теріне де, «пневмония» диагнозын қойған.

Жасотандықтар аналар мен дәрігерлерді құттықтады

Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді

Ауылға қанша дәрігер қажет?

– Мені ауыстыратын екінші рент­генолог ауырып қалып,  жұ­мыстан жібер­ген жоқ. Екі күн дене қызуым жоғары бол­са да, жұмыста жүрдім, – дейді рент­генолог. – Компьютерлік томо­графия нәтижесі бойынша пнев­мония болсақ та, қызметімізді ат­қара бе­руге тура келді. КТ-ға өз әріптестерімді де түсірдім, егер қа­жет болса, көбінде пневмония болғанын дәлелдей аламын.

Дәрігер мамандардың  ай­туын­ша, 65 мың адамға қызмет көрсететін қа­ладағы ең үлкен ем­ханада 300-ге жуық адам жұ­мыс істейді. Олардың көбі ко­рона­вируспен ауырып шықты. Қол­дарында КТ мен COVID-ке  тап­сырған анализ қорытындылары бар дәрігерлер еңбекақыны уақытында алмағанын ай­тып отыр. Емхана қызметкерлері диф­ференциалды төлем мен сый­ақылардан да қа­ғылған.

Оны басшылық №1 емхананың есеп­шотынан түсініксіз жағдайда 70 млн тең­генің жоғалуымен түсін­дірген.

Дегенмен №1 Атырау қала­лық ем­хана­сы дәрігерлерінің на­разылық  білдіруіне қатысты Асхан Байдуәлиев емханадан ұрланған 70 млн теңгенің  үстемеақыға, тө­лемақыға еш қатысы жоқ деп мә­лім етті.

«Атырау қаласындағы атал­мыш ем­хана шотынан 70 млн тең­геге элек­тронды түрде ұрлық жасалған. Бұл туралы тиісті құқық­тық органдар тер­геу-анықтау жұ­мыстарын жүргізіп жа­тыр. Орын алған жағдайға бай­ланысты емхана қызметкерлерінің жа­ла­қысы қыс­қармайды, уақытылы бері­ліп отыр. Міндетті медициналық сақтандыру қоры арқылы жалақылары төлену­­де», – деді облыстық Денсаулық сақтау бас­қар­­масы басшысының уақытша мін­детін атқарушы Асхан Байдуәлиев.

Сондай-ақ  А.Байдуәлиев тамыз айын­да аталған емхана әкім­шілігі жер­гілікті басқармаға коронавируспен кү­ресте қызмет еткен 33 дәрігердің құжаты жі­бер­ілгенін, оның 13-іне ғана үстем­еақы төленетіні белгілі болғанын мәлімдеді.

Бастапқыда 10 медицина қыз­мет­керінің құжаты қабылданды, №129 бұй­рыққа өзгеріс енгізілуіне байланысты тағы үш қызметкерге үстемеақы тө­ле­не­тін болды. Комиссия отырысында ем­хана қыз­меткерлері жекелей ша­қы­ры­лып, талаптары сұралған. Көп­шілігі­нің құжаттары жетіспеуі се­бепті кері қай­тарылды. Ко­миссия отырысы облыс әкімі­нің орынбасары Бақытгүл Хаменова­ның басшылығымен тоғызын­шы рет өтті.

Қалай десек те, 70 млн теңгенің элек­тронды түрде жоқ болып кетуі жұрт­шылықтың таңданысын туғызып отыр.

 

Дәрігерлер еңбегін
сұрап алмауы керек

Жуырда Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрескен бар­лық медицина қызметкерлері тиесілі өтемақыны алуға тиіс деп мәлімдеді.

Үкіметтен қаражат бөлінгені­мен де  үстемеақы мен сақтандыру төлемдерін алуда әлі күнге дейін бюрократиялық кедергілер орын алып отырғанын ел Президенті де біліп отыр. Сондықтан ол дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрап алмауы керек деп айтарын бір-ақ түйіндеген болатын.

Атырау облыстық Денсаулық  сақтау басқармасы басшылығы 749 медицина қызметкеріне үстемеақы қараша айының 1-іне дейін то­лықтай төленеді деп мәлімдеді.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиевтің мәлімдеуінше, дәрігерлерге үстемеақы төлеу ту­ралы  №129 бұйрыққа қайта өз­гертулер енуіне байланысты Атырау облысы бойынша 1 055 медицина қызмет­керінің құжаты комиссияға ұсынылды.

«Өздеріңізге белгілі, облыста мау­сым айында эпидемиологиялық ахуал өршуі себепті, үстемеақы төлеу туралы комиссия отырысы кешеуілдеп тамыз айынан бастап өтті. Алғашқыда 955 ме­дицина қызметкерінің құжаты қа­рал­ды, содан бері тоғыз комиссия отырысы өтті. Соңғы өзгеріске орай, 1 055 адамның құжаты қаралып, екі күн бойы талқыланды.  749 әріптесіміздің құ­жаты оң нәти­желі болып, қазір 476 дәрігер үс­темеақысын алды, 296 құжат кері қайтарылды», – деді А.Байдуәлиев.

Құжаттардың кері қайтарыл­уының бірнеше себебі бар.  Атап айтқанда, медицина қызмет­керінің карантин ке­зінде жұмыс істегені туралы дәлелі болмауы, еңбекке жарамсыздық парақ­шасының толтырылмауы, рент­ген, КТ қорытындысы мен эпи­демиологиялық картасында ПТР сына­масының нәтижесі көрсетіл­меуі себеп болып отыр.

Жұмыс барысында  COVID-19 ин­фек­циясын  жұқтырып қайтыс болған 14 медицина қызметкеріне 10 миллион тең­геден біржолғы өтем­ақы төленді.

Атырау облысында жыл ба­сы­нан бастап пневмониямен сырқат­танған 9 951 жағдай тіркелген. Өкінішке қарай, пневмониядан 523 адам қайтыс болды.Қазіргі таңда Атырау облысын­да карантин  шектеу шаралары күшейтілді.

Коронавирус инфекциясының бірін­ші толқынында дәрі-дәр­мексіз қол қу­сырып, халықты дә­рі­ханалар ал­дында сенделтіп қой­ған жергілікті ат­қарушы би­лік, коронавирустың екін­ші тол­қыны­на сақадай-сай болуға жұ­мыстануда.

Атырау облыстық Тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің са­пасы мен қа­уіпсіздігін бақылау департаментінің мә­ліметінше, Атырауға  6-9 қазан ара­лығында шетелден 5 әуерейс ұшып келген. Стамбұл, Анталия және Амстер­дамнан жеткен ұшақ­тармен бар­лығы 493 адам келіпті. Олардың 67-сінде COVID-19-ға  ПТР-тест қо­рытындысы болмағандықтан карантин стационарына жат­қызылған. Алайда  барлық жо­лау­шылардан коронавирус жұқ­па­сына сы­нама алынып, зерт­теу нә­тижелері теріс болып, еш­қайсысынан қауіпті инфекция анық­талмағандықтан үйлеріне жіберілді.

Алайда жергілікті тұрғындар  Стамбұл, Анталия және Амстердам бағыты бойынша ұшатын  ұшақтар санын азайту керегін айтуда. Себебі COVID-19-дың бірінші әрі ауыр өткен толқынында алғашқы тіркелген науқас  Стамбұлдан ұшып келген студент болды. Бірақ «Халық айтса,  қалт айтпай­ды» деген нақылды ескерер басшы­лар бар ма екен…

 

Tyrsin

 

 

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 

 

 
Тегтер: Covid-19дәрігеремханаөмірпандемияПТР-тестхалықты емдеу
Алдыңғы жаңалық

Шымкентте кілемге оралған мәйіт бірнеше жыл бойы құдықта жатқан (видео)

Келесі жаңалық

Атырау облысында карантин жеңілдетілді

Ұқсас жаңалықтар

онлайн қабылдау
Nur Otan

Қала тұрғындарының арызын тыңдады

Наурыз 5, 2021
Елеусінов
Жаңалықтар

Елеусіновтің ендігі қарсыласы кім?

Наурыз 5, 2021
комиссия
Nur Otan

Жаңа комиссия құрылады

Наурыз 5, 2021
туберкулез
Жаңалықтар

Елордада туберкулез азайған

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қала тұрғындарының арызын тыңдады

Наурыз 5, 06:50

Елеусіновтің ендігі қарсыласы кім?

Наурыз 5, 06:40

Жаңа комиссия құрылады

Наурыз 5, 06:30

Елордада туберкулез азайған

Наурыз 5, 06:20

Балабақшадағы мәселе қаралды

Наурыз 5, 06:10

Өңірдің өзекті мәселелерін талқылады

Наурыз 5, 06:00

Жаяу жүргіншілер жолы салынады

Наурыз 5, 05:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

онлайн қабылдау

Қала тұрғындарының арызын тыңдады

Наурыз 5, 2021
Елеусінов

Елеусіновтің ендігі қарсыласы кім?

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»