Стоматолог пациенттің ақыл тісін аламын деп, жағын сындырып жіберген (видео)
Стоматолог пациенттің ақыл тісін аламын деп, жағын сындырып жіберген (видео)
287
оқылды

Петропавлдық Елена Анискина ақыл тістің шығып, жанын қинағанша алдыртып тастамақшы болып стоматологқа барады.

Бірақ стоматолог оның тісін алып қана қоймай, жағын сындырып жібереді. Ал ол оны 10 өткеннен кейін бірақ білген. Жағын салдыртып, сүйектің бітіуімен бір айдай жүреді. Онда да ешқандай нәтиже болмады. Оның бет-әлпеті қисайып кеткен, сүйегі дұрыс бітпеген. [caption id="attachment_80131" align="alignnone" width="901"]тіс ©Сурет интернтеттен алынды[/caption]

«Медбике иегімді ұстап тұрды, ал дәрігер оны бірнеше рет қатты ұрып жіберді. Қорыққанымнан көзімді жұмып алдым. «Бәрі бітті» дегенде көзімді ашқаным сол, айналам бәрі қан. Менің ғана емес, оның да үсті-басы қанға боялған. Алдымдағы құрылғының бәріне қан тамған», - деді Елена Анискина.

Алғашқы он күні қыз ауызын аша алмаған. Дұрыс тамақ та жемеген. Тек таяқшасы бар балалардың шырынын ішкен. Сол кезде Еленаның салмағы  42 келіге түсіп кеткен. Содан әлеуметтік желіге өзінің жағдайын жазып жіберген. Сөйтсе, тіс дәрігерінен зардап шеккен жалғыз бұл ғана емес екен. Басынан осындай жағдайды өткергендер хабарласып, хат жаза бастаған.

«Мені жақ сүйегімді бір-біріне қосу үшін ең алдымен оны ойығы бар темір доғамен бекітіп, тістің айналасын сыммен орап, оны қатайтып, тіске басып қойды.  Осының бәрін резеңке таяқшалармен қатайтады», - деді Анискина.

Кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Емхана басшылығы болса, «тәжірибеде ондай-ондай болып  тұрады. Оның жағын әдейі ешкім сындырған жоқ» деп дәрігерін қорғап отыр. [embed]https://youtu.be/QdW98zv-0uw[/embed]

Ал әзірге сот-медициналық сараптама дайын емес. Дегенмен Еленаға қазірдің өзінде екінші ота жасауы керек екен. Себебі жағы сыртқа шығып, бетінің қисайып, бет-пішіні өзгеріп кеткен. «Енді тағы бір отаға жаным шыдамайды» деген Елена отадан емес, дәрігердің алдына барудан психологиялық тұрғыдан шошынып қалғанын айтуда.