Алматыдан Семейге 6000 теңгеге ұшыңыз
Алматыдан Семейге 6000 теңгеге ұшыңыз
173
оқылды

FlyArystan Алматы-Семей-Алматы жаңа бағыты бойынша билеттер сатылымға шығарды. Аталмыш бағыт Семей-Нұр-Сұлтан әуеқатынасынан кейінгі екінші бағдар.

Біржақты билет құны 5999 теңгеден басталады, ал аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 73% арзан.

– FlyArystan-ның басты мақсаты сұранысқа сай бағыттарды халыққа тиімді бағамен ұсыну. Сол себепті бұл жаңа бағытты ашу біз үшін үлкен қуаныш. Бұдан былай туған-туысқандарымен жиірек көрісуді армандаған қазақстандықтардың ойлары жүзеге асып, 13 желтоқсаннан бастап семейліктер Алматыдағы жақындарына жайлы әрі небәрі бір жарым сағатта жете алатын болады, – деп мәлім етті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, осы айдың басында FlyArystan-ның әуепаркіне тағы бір ұшақ қосылып, Нұр-Сұлтаннан Семейге жаңа рейстер ашылған болатын. Қазіргі таңда лоукостер рейстерінің орташа жүктеме коэффициенті 94% жетті. 2020 жылдың соңына дейін компания флотын 10 әуелайнерге дейін жеткізуді көздеп отыр.