Есірткі саудасына жарнама жасаған азамат 12 жылға сотталды
Есірткі саудасына жарнама жасаған азамат 12 жылға сотталды
104
оқылды
Айыпталушы 28 жастағы Петропавл тұрғыны.

Ол интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткіні насихаттап, сатып келген. Оны полиция наурыз айында ұстаған. Сөйтіп, сот оған 12 жыл жаза кесті. Үкім екі аптадан кейін заңды күшіне енеді.

«8 қазанда Петропавл қалалық сотымен 12 жылға сотталды. Оның бірі - есірткі психотропты заттарды насихаттағаны үшін. Екіншісі - ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы, 1-тармағы бойынша сатқаны үшін сотталды» деді қалалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Рахат Нұрахметов.

Айта кетейік, 9 айда өңірде нашақорлыққа қатысты 170 заңбұзушылық анықталып, 400 келіге жуық есірткі тәркіленген.