Шымкентте кілемге оралған мәйіт бірнеше жыл бойы құдықта жатқан (видео)
Шымкентте кілемге оралған мәйіт бірнеше жыл бойы құдықта жатқан (видео)
171
оқылды
Шымкентте белгісіз әйелдің мәйіті бірнеше жыл құдықтың түбінде жатқан.

Almaty.tv телеарнасы жариялағандай, мәйіт қаланың ауданынан табылған. Ол кілемге оралып, сырты скочтпен оралған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел шамамен 30 жаста болған, бойы 150 сантиметрден жоғары, үстінде жазғы киім екен.

Шымкент Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенов "Адам өлтіру" бойынша ҚР ҚК 99-бабына сәйкес тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. [embed]https://youtu.be/P65MdOxgsPc[/embed] Мәйіттің кім екенін анықтау үшін және қылмысты ашу үшін барлық шара жүргізіліп жатыр. Полиция жоғалған адамдар туралы ақпаратты тексеріп жатыр.