Қарағандыда автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 20 адам зардап шекті,– деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол апаты жолаушылар автобусының жеңіл автокөлікпен соқтығысуы салдарынан орын алған.
«Шамамен 20 адам жарақат алды, жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған 11 адам ауруханаға түсті», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.