Атырау облысында карантин жеңілдетілді
Атырау облысында карантин жеңілдетілді
Еске салсақ, 12 қазанда Атырау облысында жаттығу залдары, спорт секциялары, фитнес орталықтарының жұмысы тоқтатылған. Алайда 14 қазан күні Атырау спорт қауымдастығының өкілдері секциялар мен фитнес клубтардың жабылғанына шағымданды. Жаттықтырушылар мен фитнес-орталықтың басшылары мүлдем жауып тастамай, жұмыс кестесі мен шартын өзгертіп беруін талап етті.

"Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық нормаларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын, бірақ 50 пайыздан аспайтын бассейндердің қызметіне рұқсат берілсін. Сондай-ақ сағат 22.00-ге дейін жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорт секциялары, спорт-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін", - делінген қаулыда.