Коронавируспен мүлдем ауырмайтын кімдер?
Коронавируспен мүлдем ауырмайтын кімдер?
Танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровскийдің айтуынша, кейбір адамдарда коронавирусқа қарсы туа бітті иммунитет болады. Life.ru-дың мәлімдеуінше, украиналық педиатр Евгений Комаровский журналист Дмитрий Гордонға сұхбат беріп, кімдердің коронавируспен ауырмайтынын айтып берген.

«Көптеген адамдарда коронавирусқа қарсы туа бітті иммунитет бар сияқты. Олар ауырмайды», - деді Комаровский.

Оның сөзінше, мұндай иммунитеттің механизмі әзірге түсініксіз. Бұл бақытты адамдардың қанында коронавирусқа қарсы антидене жоқ. Дегенмен, Коморовскийдің айтуынша, олар ауырмайды.

Дәрігер COVID-19 инфекциясын әлі ұзақ әрі мұқият зертету керектігін айтты.