АҚШ-тың Коннектикут штатында күтуші әйел үйдің иесімен сөзге келіп қалған. Ол үй есінің 8 айлық қызын қарап отырған. Лента.ру мәлімдегендей, 8 айлық сәбидің екі қолы күйген екен. Оны қоқыс жәшігінен тауып алған көршісі болды. Ол баланың ыңырсыған дауысын естіп қалған. Бастапқыда мысық деп ойлаған.
«Қоқыс жәшігін ашып қалғанымда қыз бала дірілдеп, жылып жатты. Сол кезде екі қолының күйгенін көріп қалдым. Әсіресе оң қолы қатты күйік шалыпты», - дейді көршісі. Нәтижесінде, баланы сол тұрғынүйде жұмыс істейтін жөндеу тобы құтқарып алды.
Полицияның хабарлауынша, баланы жараламай тұрып, 24 жастағы бала күтуші Адриана Велес жанжалдан кейін жанармай құю бекетінде сәбидің анасына бас салып, ұрмақшы болған. Алайда оның сәбидің қолын қай кезде күйдіріп үлгергені әлі белгісіз.