Еуропа Анкараға қару-жарақ жеткуге эмбарго енгізді. Түрік әскері әлсірей ме?
Еуропа Анкараға қару-жарақ жеткуге эмбарго енгізді. Түрік әскері әлсірей ме?
5,122
оқылды

Германия канцлері Ангела Меркель федералдық үкімет бұдан былай күрдтерге қарсы әскери операциядан кейін Түркияға қару бермейтінін айтты. Ол бұл мәлімдемені Түркияның Сирияда бітімге келуіне дейін жасады. Бұл туралы bbc.com хабарлады.

Бұған дейін Ұлыбритания Түркияға әскери экспорттың тоқтатылатынын жариялаған, ал Испания, Нидерланды, Норвегия, Франция, Чехия, Италия және Финляндия қысқартылғанын жариялаған.

Түркия – қару-жарақтың ірі импортаушысы. Стокгольмдағы Бейбітшілікті Зерттеу Институты (SIPRI) 2019 жылғы наурызда жарияланған зерттеуінде оны ірі көлемде қару сатып алушылардың дүниежүзілік рейтингінде 13-ші орынды иеленген.

Осылайша, Ұлыбритания, Испания және Франция Сирияда қолданылуы мүмкін қаруды жеткізуге жаңа келісімшарттар жасауға тыйым салатындарын мәлімдеді. Ангела Меркельдің шешімі эмбаргоны күшейтті, ол қазір барлық жабдықтауға тыйым салды.

Қорғаныс саласы тақырыбына маманданған түрік журналисті Бурак Бекдил Түркияның Би-би-си қызметіне берген сұхбатында жарияланған санкциялардың бәрі косметикалық сипатта екенін және ең алдымен оларды енгізген елдер саяси нәтижелерге қол жеткізуді көздейтінін айтқан.

«Бізге жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілер сияқты қарапайым қару-жарақтар қажет, алайда Сирия операциясы басталмас бұрын да Батыс елдері оларды бізге беруді тоқтатты. Дегенмен, қажет қару-жарақты басқа жерден де табуға болады ғой»,– деп толықтырды түрік сарапшысы.

Сарапшылар Түркия қару-жарақты Ресей немесе Қытай сияқты жаңа нарықтардан сатып алуы мүмкін екенін айтады.