Елорда әкімдігі бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді
Елорда әкімдігі бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді

Бейбіт митинг өткізу туралы ақпаратты астананың азаматтық белсенділерінің бірі Анара Битебаева facebook-тегі парақшасында жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі отбасы құндылықтарын сақтауға, үйде әйелдер мен балалардың құқықтарына құрметпен қарауға жұртшылық назарын аударуға арналған бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді.

«Біздің, астананың азаматтық белсенділері, 6 қазанда болған жағдайға қатты алаңдап отырмыз. Ер адам үйдегі жанжал кезінде әйелін көзден таса жерге апарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген еді. Күйік шалған әйел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелді қатты күйік шалған. Бұдан тыс, оның бұғанасы да сынған. Қазір әйел Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында емделіп жатыр. Бұл мәселеге бүкіл қоғам атсалысуы керек. Соңғы кездері әйелдерге, балаларға, қарттарға қарсы қылмыстар жаппай етек алып барады. Қылмыс атаулыны болдырмау үшін оның алдын алу қажет. Ал профилактикамен бүкіл қоғам айналысуы керек. Егер қоғам осындай қылмысқа қарсы бірікпесе, ол тоқтамайды. Бейбіт митингінің мақсаты отбасы құндылықтарын сақтауға, адамдардың бір-бірін құрметтеу дәстүрін дәріптеуге, әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтауға қоғамның назарын аудару», - деп жазды Анара facebook-тегі парақшасында.

Белсенділер әйелдерге, қарттарға және балаларға күш қолданған қылмыстардың әділ тергелуін талап етіп жатыр.

Айта кетейік, қоғам қайраткерлері «Зорлықсыз Қазақстан» бағдарламасын әзірлеп, тиянақты іске асыру бастамасын көтерген.