Оралда 10 жастағы оқушы қызды ұрламақшы болды (ВИДЕО)

Оралда 10 жастағы оқушы қызды ұрламақшы болды (ВИДЕО)

WhatsApp мессенджерінде бір тәуліктен астам уақыт ішінде тараған аудио жазбаға қарағанда белгісіз біреу қаланың шағын аудандарының бірінде қызды ұрламақ болған,– деп хабарлайды Уральская неделя.

БҚО полиция басқармасы жағдайға байланысты түсінік берді

https://youtu.be/r1MchAqzs7w

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің анықтауынша, 16 қазанда кешкі сағат 5.30 шамасында 6-шы шағын ауданда орналасқан №44 орта мектептің бесінші сынып оқушысы сабақтан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Екі көп қабатты үйдің арасынан өтіп бара жатқан машинаны өткізіп жіберді.Осы кезде оған шамамен 50 жастағы ер адам жақындап келіп, мектеп оқушысын мойнынан құшақтап, сүйрей жөнеледі. Қыз қатты қысылып, қорыққаннан айқайлап жылай бастады. Осы кезде жандарынан өтіп бара жатқан шамамен 40 жастағы әйел жүгіріп келеді, күдікті ер адам қашып кеткен», - деді басқарма бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйімбаев.

 Сүйімбаевтың айтуынша, қыздың ата-анасы бірден полицияға хабарласпаған. Хабар мессенджерде жарияланғаннан кейін жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспектор қыздың тұрғылықты жеріне жөнелтілді.

 – Күдікті 46 жастағы ер азамат анықталып, қамауға алынды. Қыз бала оны өзіне шабуыл жасаған ер адам деп таныды. Кеше бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 293-баптың 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгінгі таңда тергеу бабы «Адам ұрлау» 125-бабы 2-бөлігі бойынша қайта анықталды, тергеу амалдары жүргізілуде. Толық ақпарат кейінірек жарияланады, – деді Серік Сүйімбаев.