Қазақстанда 4 жыл бойы құлдықта болған әйел еліне қайтады
Қазақстанда 4 жыл бойы құлдықта болған әйел еліне қайтады
150
оқылды
Елімізде 4 жыл бойы құлдықта болған адам еліне қайтарылады. Ол Ресей азаматшасы. Бірнеше күннен бері елордадағы дағдарыс орталығының бақылауында. Медициналық және психологиялық көмек алып жатыр. 2016 жылдан бері құлдыққа болған ресейлік Юлия Ергизова үшін қиындықтың көбі артта қалды. Елордадағы дағдарыс орталығының өкілдері оны Қарағандыдағы православ шіркеуінде құлдықтан қашып жүрген жерінен тапқан. Қазақстанға не үшін келгенін білмейді. Себебі ес-түсін жоғалтқан. Әлеуметтік қызметкер Александра Харитоненкованың айтуынша, ол дағдарыс орталығына алғаш келгенінде ешкіммен сөйлеспеген еді.

"Қай жақтан және кім екенін, жалпы қандай жағдайда құлдыққа түскенін біле алмадық. Сосын біраз уақыттан кейін бізбен сөйлесе бастады. Анықтала келе Қарағандыдағы фермалардың бірінде мәжбүрлі жұмыстарға салынып келгенін білдік" дейді ол.

Орталық мамандары оның туған-туыстарын тапқан. Екі аптадан кейін еліне қайтармақ. Ал дағдарыс орталығының жетекшісі Анна Рыль оның қолындағы төлқұжаты бойынша 10 жылдан бері іздеуде жүргенін анықтаған.

"Ресейде анасы бар болып шықты. Ресейдің солтүстігіндегі шағын қалада тұрады. Жыл сайын полицияға арызданып, қызына іздеу салады екен. Қазақстанның миграциялық мәліметтері бойынша ол біздің елге 2016 жылы келіпті. Юлия секілді Владимир де құлдық құрбандарының бірі. Өткен өмірін біледі, тек жеке басына қатысты құжаттары жоқ. Қазір қайта қалпына келіп жатыр" дейді ол.

- Менің тағдырым Кеңес Одағы құлаған сәтте қиындады. Заполярье аймағында жұмыс істейтін едім. Әкем қайтыс болып, үйіме келдім. Өгей шешем үйді өз атына аударып, мені далада қалдырды. Сөйтіп жүргенде бір танысым екеуміз Қазақстанға жұмыс істеуге келдік. Жалдамалы жұмыстармен айналыстық. Кейін құжатымды жоғалтып алып, денсаулығым да нашарлады. Фермада жұмыс істеп, мал бағып, сиыр саууға мәжбүр болдым. Қожайын болса ақша төлемеді. Мәжбүрлі еңбекке салды, - дейді Владимир.

[embed]https://youtu.be/R7QPFlew6is[/embed]