Түркияның министрі жаңа оқу жылымен құттықтады
Түркияның министрі жаңа оқу жылымен құттықтады
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуның қатысуымен жаңа оқу жылының басталуына байланысты алқалы жиын онлайн режимінде өтті. Түркия Университеттің Мәдениет орталығында ұймдастырылған онлайн кездесуде Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек оқытушылар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жиынға арнайы қатысқан министрге алғысын білдірді. Түркия Түркияның бас дипломаты Мевлют Чавушоглу өз сөзінде, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2020-2021 оқу жылының басталуымен құттықтап, Ахмет Ясауи бабамыз және Абайдың мұрасы мен аманатына айналған оқу ордамызды Түркия-Қазақстан достығының ең үлкен нышаны деп бағалады. Университеттің Ясауи бабамыздың мекені, Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда орналасуының ерекше мағынасы бар екенін айтты. 1992 жылы екі ел тарапынан бірге іргетасы қаланған университет екі мемлекет тарапынан әрдайым қолдау табатынын және Ахмет Ясауи мұрасының қорғалатынын жеткізді. Университеттің жетістігіне тоқталған министр: Түркия «Екі мемлекеттің достығын нығайта түскен университет құрылғалы бері  30 жылдай уақыт ішінде Түркі әлемінің жетекші оқу ордаларының біріне айналды. Университтетің ерекше статусы және халықаралық мәртебесі оқу ордамыздың сапасының дәлелі. Бұл мәртебелердің сақталуына Қазақстан тарапының да қолдау көрсетуі біз үшін өте маңызды. Түркия - Президентіміз Реджеп Тайп Ердоған мен ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы ерекше достық — екі бауырлас елдің ынтымақтастығын берік тұғырлармен бекітті. ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Елбасы Назарбаевтің көреген саясатын жалғап, жоғары деңгейдегі табысты жұмыстар орындап жатқанына куәміз», - деді М. Чавушоглу. Министр: «Бауырлас елдермен жақсы қарым-қатынаста болу біздің басты міндетіміз. Қазақстанның ортақ университетіміз орналасқан Түркістанды түлетіп жатқаны, осы қасиетті мекенді Түркі елдерінің маңызды орталығына айналдырып жатқаны бізді қатты қуантады. Осындай қаланы әлеммен байланыстыратын аэропортты Түрік фирмасы салып жатқаны біздің еліміз үшін ерекше мәртебе». Түркия Сөзінің соңында Министр М. Чавушоглу күн тәртібіндегі өзге де өзекті мәселерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол ӨК төрағасы Мухиттин Шимшек бастаған топқа, Ректор Болатбек Абдрасиловқа, Ректор өкілі Женгиз Томарға және барша Университет ұжымына жасаған қызметтері үшін алғысын білдірді. Жиынның жалғасында университет ректоры Болатбек Абдрасилов сөз алып, осындай күрделі жағдайда уақытын бөліп, университет ұжымына арнайы конференция бергені үшін Министр М.Чавушоглуна алғысын білдірді. Оған қоса, әлемнің 19 елінен 40 астам ұлт пен ұлыстан келген Түркі әлемі жастарының ортақ білім мен ғылым, достық пен бауырластық шаңырағына айналған оқу ордамыздың жетістіктері туралы қысқаша мәлімет берді. Түркия «Қазіргі таңда Ясауи университетін әлем таниды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі тілдес мемлекеттердің жастары бір шаңырақ астында білім алып, достығын нығайтатын жер болса деген арманы орындалды. Мамандарды дайындау, ғылыммен айналысу, тәжірибе алмасудың арқасында оқу орнымыз алға ұмтылып, жақсы дамып келе жатыр.»,- деді Б. Абдрасилов.   Тельман БЕЙСЕНОВ