Ер адам әйелін 1,5 жыл бойы әжетханада қамап ұстаған
Ер адам әйелін 1,5 жыл бойы әжетханада қамап ұстаған
118
оқылды

Daily Mail мәлімдеуінше, онымен қоймай, ер адам  әйелге тамағы мен сусынын дұрыс бермей әбден ашықтырыпты.

Бұл жайтқа бей-жай қарай алмаған көршілері полицияның көмегіне жүгініп, шақыртқан екен. Полицейлер келіншекті шалажансар күйде тапқаны соншалық, ол жүруден қалған.Сөйтіп 35 жастағы әйелді полицейлер әжетхана қамағынан босатып алды.

Бұл қорқынышты жағдай Үндістанның Дели қаласының солтүстігінде орналасқан Панипат ауылында болған. Басылымның мәліметінше, бұл келіншектің күйеуімен отасқанына 17 жыл болыпты. Олардың 15 пен 17 жас аралығында үш баласы бар екен.

[caption id="attachment_80242" align="alignnone" width="1024"]ер адам ©Сурет интернеттен алынды.[/caption] Күйеуі болса әйелінің психикалық ауытқуы болғандықтан қамап отырғанын айтып, ақталды. Алайда оны дәлелдейітн қолында ешқандай қағазы болмады. Бірақ ауруханаға жеткізілген келіншекті дәрігер дені сау екенін жеткізді. Қазір ол немере апасының қолында.