Менің Туым, Менің Отаным!
Менің Туым, Менің Отаным!
5,140
оқылды

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Nur Otan партиясының «Менің Туым, Менің Отаным!» рес­пуб­ликалық акциясы аясын­да мемлекеттік Туға құр­мет көрсету рәсімі өтті. Іс-шараға универ­си­­теттің басқарма төра­ға­­сы Т.Нәрікбаев, ерікті сту­­денттер, білім және ғы­лым саласының қайрат­кер­­ле­рі қатысты.

Акцияның мақсаты – мем­­ле­кеттік Туды насихаттау жә­не қазақ­стандық жастарды па­трио­ти­з­м­ге тәрбиелеу. Рес­пуб­ли­ка­­лық акцияға Қазақстанның мемлекет­тік Туын бел­сенді на­сихаттайтын сту­дент­тік жас­тар да үн қосып отыр. Сал­­танатты шарада уни­верситеттің тәрбие жұ­мысы жөніндегі прорек­то­ры А.Пирзадаев, Nur Otan пар­тиясының Нұр-Сұлтан қа­­ла­­сын­дағы филиалы төраға­сының орынбасары В.Сергеев сөз сөй­леп, білімді, білікті жас­тардың ел болашағы екен­дігіне ерекше тоқталды.

– М.Нәрікбаев атын­дағы университет әуелден еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Заңтану және экономика саласындағы көптеген көр­некті қайраткерлер – біздің уни­­­верситетіміздің түлектері. Мұн­­дағы түрлі халықаралық олим­­­пиадалардың белсенді қа­тысу­­­шылары мен жеңім­паз­дары сана­­­ла­тын студент­тер мен оқыту­шы­­­лар Қазақстан­ның жалауын халық­­аралық аренада сан мәрте кө­теріп жүр. Біз олардың жолына үміт­пен қараймыз. Бүгінгі салта­натты шараға студенттер белсен­ді түрде қатысып, аталған рәсім­ді университетімізде өт­кізуге атсалысып отыр­ғанын мақтаныш­пен айт­қым келеді, – деді уни­верситеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры А.Пирзадаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мем­ле­кет­тік рәміздерін қабылдау про­цесіне Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қосқан үлесі орасан зор. Ел­басының тікелей жетекшілі­гі­мен 1992 жылы жаңа мем­­ле­кет­тік нышандарды даяр­­­лау бойынша жұмыс то­бы құ­рыл­­ды. Сол уақыттан бас­тап елі­міз­­дің мемлекеттік рәміз­дері Қазақстан­ның та­быст­ы дамуының бел­гі­леріне ай­налды.


Әбілмансұр ЖАСАН