Осы демалыста күн суытады
Осы демалыста күн суытады
122
оқылды
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, синоптиктер 17-19 қазан аралығында ауа райы суытатынын айтты. Апта соңында республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болып, біраз уақытқа дейін жауын-шашын болмайды. Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон келеді. Бұл циклон жауын-шашын жауғызып, желді күшейтеді. Сондай-ақ ауа температурасы одан әрі көтеріледі. Алайда 18 қазанда солтүстік-батыс антициклонының басып кіруінен кейін күн біршама суытады. Әсіресе елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді. 19 қазанда бұл суық - елдің орталығы мен шығысына жетеді. Ауа температурасының күрт төмендеуінен түнгі уақытта 0-8 градус аязға дейін, күндіз 5-15 градус жылы болады. Сонымен қатар кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында күн жылы болады, жауын жаумайды.