Жыл басынан бері жол апаты салдарынан 1,3 мың адам көз жұмды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18,5% аз. Оның ішінде 948 ер адам, 315 әйел және 114 кәмелетке толмаған балалар бар.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі жол қозғалысы ережелерінің бұзуы екені анықталып отыр. Барлық ЖКО-ның үштен бірі жылдамдық режимінің асып кетуіне байланысты. Дәл осындай 2 883 тіркелген. 527 адам қаза тауып, 3 918 адам жарақат алды.
ЖКО – да қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды − 344 адам қаза тауып, 2 897 адам жарақат алды.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, соңғы 6 жылда республика жолдарындағы апаттар саны 29%-ға азайды. Апат салдарынан болатын өлім-жітім - 21%-ға және жарақаттану - 26%-ға төмендеді. Апаттылық деңгейінің төмендеуі 2020 жылдың басынан байқалып отыр.
Жүргіншілердің кінәсінен 356 ЖКО орын алған, онда 75 адам қаза болып, 298-ы жарақат алды.
Жол көлік апаттарының ең көбі, яғни 75% елді мекендерде болады екен.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері барлығы 3 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтаған. Соның аясында 119 мың жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралын мас күйде басқарған 13 мың жүргізуші ұсталған. Сот үкімімен 15 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылған болса, 12,5 мың ереже бұзушы әкімшілік қамауға алынған.
Аймақтар бойынша айтатын болсақ, жол-көлік оқиғаларының төрттен бірі оңтүстік астанамызда болған: 2,2 мың оқиға, дегенмен бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 34,9% аз. Апат саны көп болған өңірлер үштігіне Алматы облысы (1,5 мың жол апаты) және Жамбыл облысы (660 жол апаты) кірді.
Айта кетерлігі, биылғы жылдан бастап заң бойынша қаннан алкоголь табылса, онда ол бірден ауыр қылмыс санатына жатқызылады, татуласуға мүмкіндік берілмейді, 7 жылдан 10 жылға дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылады, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады (ҚК 345-1 бабы).
Былтырғы статистикалық мәліметке сәйкес Қазақстанда жол-көлік апатынан қайтыс болу жағдайы Еуропа елдеріне қарағанда 11 есеге көп екені анықталған еді.