Алматы полициясы Kaspi.kz бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуылға қатысты түсініктеме берді.
«Бұл оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, олардың жұмысы қылмысты ашуға және күдіктілерді қамауға алуға бағытталған. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында болады», - делінген хабарламада.Еске сала кетейік, Алматыда 15 қазанда Kaspi.kz бөлімшесіне белгісіз екі ер адам шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталуға жақын болғандықтан, банкте клиенттер болмаған. Қарақшылар 2 миллион теңгеге жуық қаражатты қалталарына басып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Абырой болғанда банк қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпеген. Қарақшылардың бірі балтамен кассаның шыны терезесін сындырып, ішке енген. https://www.youtube.com/watch?v=5ve3N_dy4i4&feature=emb_logo