Қарағанды облысында санитарлық бекеттер орнатылмақ
Қарағанды облысында санитарлық бекеттер орнатылмақ
163
оқылды
Қарағанды облысында 19 қазаннан бастап сегіз санитарлық бекет қойылады. Онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Бұл туралы облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Юрий Залыгин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көршілес мемлекетте індет өршіп жатқанына байланысты алдын алу шарасы ретінде 19 қазанда сағат 00: 00-ден бастап облыста санитарлық бекеттер құру туралы шешім қабылданды. Сегіз санитарлық бекет орнатылады. Көлік жүргізушілері мен жолаушылардың денсаулық жағдайын дәрігерлер полиция қызметкерлерімен бірге тексереді. Дене қызуы тексеріледі, сұрақ-жауап алынады», – деді Юрий Залыгин. 
Оның айтуынша, ойын алаңдары мен аулалар күн сайын дезинфекциялады. 65-тен асқан адамдардың ауыл мен қала арасында емін-еркін жүруіне тыйым салынады. Кіреберістерде, лифтілер мен паркингтерде тәулігіне кемінде екі рет профилактикалық дезинфекциялау және ылғалды тазалық жұмыстары жүргізіледі.