550 мың теңге: дәрігерлердің жалақысы өседі
550 мың теңге: дәрігерлердің жалақысы өседі
136
оқылды
Елімізде 2025 жылға дейін дәрігерлер жалақысын кезең-кезеңмен арттыру жоспарланған. Бұл туралы республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты.Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Dauletten.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды,

– Президент  2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасын 2,5 есеге жеткізуді тапсырды. Қазіргі кезде дәрігерлер мен медицина саласындағы мамандарға қолдау қажет. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылға бағытталған жобаға сәйкес, жалақыны көбейту көзделген.  Шамамен 550 мың теңге болады. Қазір дәрігердің орташа жалақысы – 258 мың теңгені құрайды, – деді ол.

Оның айтуынша, 2018-2020 жылдар аралығында медицина қызметкерлерінің жалақысы артқан. – 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде орта медицина қызметкерінің жалақысы артты. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер үшін еңбекақының орташа өсімі шамамен 56-60%-ке жетті, – деді Қанат Төсекбаев.